Ақтөбеде 2 млн.теңге алимент төлемеген әке айыппұл арқалады

 

Ақтөбеде 2 млн.теңге алимент төлемеген әке айыппұл арқалады

Ақтөбеде жүргізуші құқығынан уақытша айырылғанына қарамастан көлік тізгіндеген борышкер әке анықталды. Ол енді алименттен бөлек 300 мың теңге айыппұл төлейтін болды.  Бұл туралы Ақтөбе облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Сот орындаушылары борышкерлердің ішінде  алимент төлемегені үшін қойылған шектеулерді елемейтіндер бар екенін айтты. Көлік басқару құқығынан уақытша айырылса да шектеуге құлақ аспаған тұрғын анықталды. Полицейлер көлік жүргізген  борышкер әкені тоқтататады. Ол 300 мың теңге айыппұл арқалады. Ақтөбе облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының хабарлауынша, борышкер әкенің қарызы 2 миллион теңгеден асады. Сондықтан сот орындаушылары  алимент бойынша қарыз жойылмайтынын еске салады. 

 

 

 

Әлеумет
14:02, 21 февраль 2025
676
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив