Ырғызда 70 келі балық қырылды

 

 Ырғыз ауданының Құтикөл ауылында балық қырылды. Су айдынынан 70 келі өлі балық жиналған.  

 Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

 Құтикөл ауылы маңындағы Қойбағар су айдынында балық өлді. Инспекция маманы, полиция бөлімі мен ветеринариялық қызмет өкілдері тексеру жүргізді. Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының хабарлауынша, өлген сазан, шортан балықтарының жалпы салмағы 70 келіні құрайды. Судан және өлген балықтан сынама алынып, зертханаға тексеруге жіберген. Жиналған балық өлекселері арнайы залалсыздандыру орнына жеткізілді.  Балықтың неден өлгені зерттеу нәтижесінен кейін белгілі болады.

Әлеумет
15:50, 26 февраль 2025
518
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив