Жас маманға қолдау қажет
Ақтөбе автожол колледжінде жол сараптамасы мамандарының студенттермен кездесуі өтті. Кәсіптік бағдар беру бағдарламасы аясында оқушылар аудандардағы, облыстардағы жолдағы ақаулармен танысты.
Айгерім ЖҰМАБАЕВА
Автожол колледжі жол құрылысы және жөндеу саласында болашақ мамандарды дайындайды. Қазір дуалды оқыту жүйесі бойынша студенттер 2 және 3 курстан кейін жұмысқа орналаса алады. Ал, "Жас маман" бағдарламасы бойынша жұмыс табуға мүмкіндік бар. Семинарда жол сараптамасының мамандары жолдың сапасын диагностикалаудың заманауи әдістері, оны жөндеу технологиялары және жолдарды жобалау мен пайдалану кезіндегі проблемалар туралы айтып берді.
- Жүргізіліп отырған семинар аудандардағы, облыстық жолдардағы ақаулармен таныстыру. Жөнделіп жатқан қала мен аудандардың жолдары туралы айтылды. Біз бұл жұмысты мердігерлермен және тапсырыс берушілермен бірге жүргіземіз. Осылайша студенттер жұмыс процесіне еніп, қателерді түзету жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын біледі. Ауданнан келген мердігерлерді, тапсырыс берушілерді таныстыру. Былтыр республикалық, облыстық, райондық жолдарда бақылау жүргізу кезінде 120 ақау анықталды. Оның 80-і жөнделді. Хромтау, Әйтеке би аудандарында ірі ақаулар болды. Барлығы дер кезінде жөнделді. Бұрынғыға қарағанда жолдың сапасы жақсарып келеді. Мердігерлерге қоятын талабыз жолдың сапалы болуын қадағалау керек,-дейді жол активтерінің сапа орталығының инженері Талғат Бижанов.
Оқу процестерінде болған өзгерістерге байланысты коллледжде дуалдық оқыту жүйесі ашылды.
- Автожол колледжінде техник-құрылысшы мамандар дайындайтын арнаулы пәндерден сабақ беремін. Осы мамандықтың ашылғанына 10 жылдай уақыт болды. Колледжде жылына 20-25 бала оқып білім алып шығады. Түлектердің барлығы Ақтөбе облысындағы жол салатын құрылыс мекемелерінде жұмыс істейді. Оқу процестерінде соңғы жылдары өзгерістер болды. Дуалдық оқу жүйесі ашылды. Дуалдық оқу жүйесі арқылы студенттер 2-3 курста мекемелерде жұмыс істей алады. Жұмыспен қатар оқуын да жалғастырады. Одан басқа түлектер үлкен құрылыс компанияларында, жол сервис мекемелерінде өнідірістік практикалардан өтеді. Қазіргі таңда 2 группа өндірістік практикадан өтіп жатыр. Колледжде студенттерге жағдай жасалған. Бүгінгі шара техникалық құжаттардағы өзгерістерді студенттерге таныстыру. Жолды қалай қабылдау керек, оның сапасын қалай жақсартамыз сол жөнінде үйретеміз. Түрлі материалдар шығып жатыр. Оның ішінде битумның сапасын қалай анықтаймыз, инерттік материалдардың сапасын қалай арттыру керек сол бойынша түсіндіреміз.Бұрын жолдың үстінен сынақтар алып, оны зертханаға апаратын едік. Қазір жаңадан шыққан замауни құралдардың арқасында жолдың сапасын тез анықтай аламыз,-дейді техник-құрылысшы Әкімжан Өтемұратов.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить