Ақтөбеде өзенге түсіп кеткен жылқы 3 сағатта құтқарылды
Ақтөбеде Елек өзеніне түсіп кеткен жылқы құтқарушыларды әбігерге салды. Олар 3 сағат бойы мұз ойып, жылқыны жағаға шығарды.
Назгүл ӘБЕТОВА
@abetovanazgul
Ақтөбеде Елек өзенінде басы ғана қылтиып көрініп тұрған жылқыны тұрғындар байқап қалады. Дереу құтқарушыларға хабар береді. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дер кезінде жеткенімен, қар басқан жерден өту қиынға соғады. Жаяу барып, жылқыны трос арқылы тартып мұздан алып шықпақшы болады. Алайда мұз биенің салмағын көтере алмайды. Осылайша құтқарушылар 3 сағат бойы мұз ойып, биені жағаға шығарды. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар жылқыны жақын жердегі шаруашылықтың қорасына апарды.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить