67 жастағы ақтөбеліктен ВИЧ табылды
Ақтөбеде 67 жастағы қариядан ВИЧ табылған. Ол бұл инфекцияны жыныстық қатынас арқылы жұқтырыпты.
Айгерім ЖҰМАБАЕВА
kerekinfoaktobe@gmail.com
Ақтөбеде медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жылына арналған шаралар жүзеге асырылуда. «Жол картасы» бағдарламасы аясында 2025 жылды Қазақ ғылыми дермотология және инфекциялық аурулар орталығы «Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жылы» деп жариялаған болатын.
Облыстық ЖИТС орталығы білім беру шеңберінде оқытуда ЖИТС ОО тегін қызмет көрсетіп, білім алушыларға сертификаттар беріледі.
Бағдарламасы бойынша бір қалалық емхана, үш аудандық аурухана мен ЖИТС ОО дәрігерлері білім алды. Білім беру шеңберінде үш тақырып қамтылды.
«АИТВ, мерез және «С» гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу» Жыл сайын әрбір медициналық ұйымдағы оқытуға жататындар саны 5%-дан кем болмауы керек.
«АИТВ инфекциясы және АИТВ-мен біріктірілген ауруларды диагностикалау , алдын алу және емдеу». Жыл сайын әрбір медициналық ұйымдағы оқытуға жататындар саны 8% -дан кем болмауы керек.
«АИТВ-мен өмір сүретін адамдар және жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтарына қатысты стигма мен кемсітушілік». Жыл сайын әрбір медициналық ұйымдағы оқытуға жататындар саны 12,5% -дан кем болмауы керек.
«АИТВ , мерез және «С» гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу» курсы бойынша 8 , «АИТВ инфекциясы және АИТВ-мен біріктірілген ауруларды диагностикалау , алдын алу және емдеу» бойынша 11, «АИТВ-мен өмір сүретін адамдар және жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтарына қатысты стигма мен кемсітушілік» курсы барысында 191 медицина қызметкері білім алды.
Айта кетейік, өткен жылы 74 адам АИТВ жұқтырған. Оның екеуі шетелдіктер. Жұқтырғандардың ең төменгі жасы 18, ең үлкені 67 жаста. Көбісі вирусты жыныстық қатынас арқылы жұқтырған. Төртеуі инфекциялық препараттар арқылы жұқтырған. 20-39 жас тобында "АИТВ жұқтырған" мәртебесі бар 41 адам тіркелді. Оның ішінде бесеуі - студент. 2025 жылдың 1 қаңтарына облыста АИТВ-мен өмір сүретін 582 адам тіркелді. Өткен жылы зертханаларда 244 мың сынақ зерттелді. Халықтың негізгі топтары мен жастар үшін 6000-нан астам жедел тест өткізілді,-дейді Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер эпидемиологы Айжан Жайлаубаева.