ERG компанияны сатуға қатысты келіссөздер жайлы ақпаратты жоққа шығарды

  БАҚ-та соңғы бірнеше аптада таралып жатқан әрқилы ақпарат, соның ішінде Джеймс Кэмерон мырзадан сатып алу туралы түскен ұсыныс жайлы жарияланымдарға жауап ретінде ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов ERG-ді сату жайлы ешбір келіссөздер жүріп жатпағанын, компания басшылығы бизнесті бірізді, орнықты дамыту ұстанымдарына берік екенін нақтылады. Бизнесті қалыпты жүргізуде еш өзгеріс жоқ. 2024 жылдың соңында өткен Директорлары кеңесінің отырысында одан ары дамыту, өз кәсіпорындарына инвестиция құюға бағытталған жаңа даму стратегиясын қабылдады. ERG-дің ұзақмерді өсім мен Топтың барлық стейкхолдерлеріне құндылық қалыптастыруға екпін түсіру ұстанымы бұлжымайды.

Әлеумет
12:47, 22 апрель 2025
215
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив