Атырау облысында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар өтті

 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Атырау облысында дін істері басқармасының қолдауымен бекітілген жоспар бойынша, 2025 жылдың 21 – 25 сәуір аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді.
Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысты: Орынғалиев Ринат Сембайұлы – Атырау қаласы, «Шапағат ДДА жапа шеккендерге көмек отралығы» ҚҚ теологы; Теміралиев Асылжан Асылбекұлы – Ақтау қаласы, «Дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығының» қызметкері, «Jaswave» оратор клубының жетекшісі; Сақан Дастан Дарханұлы – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығының» теолог маманы; Шопанова Бакытгул Максотовна – Ақтау қаласы, «Діни бірлестіктермен байланыс және діни экстремизмге қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы.
Іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Атырау қаласы, Махамбет, Исатай, Мақат, Тасқала аудандары, Еркінқала ауылдық округі және Доссор кентінің тұрғындарымен, жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарымен, колледж және университет студенттерімен, спортшылармен және т.б. «Жастар арасында медиа сауаттылықты арттыру», «Теріс идеологияға қарсы сыни-ойлау дағдыларын қалыптастыру», «Деструктивтік діни ағымдардың таралуын алдын алу», және т.б. тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.

Қоғам
15:51, 05 май 2025
309
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив