Тағылымы мол кездесу

 Ақтөбеде Халық қаһарманы мен еңбек ерлері бас қосты. Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев  әскери оқу орнының курсанттарымен кездесіп, Отанға құрмет пен адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.

 Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

 "Халық қаһармандары" мен Еңбек Ерлері Талғат  Бигелдинов атындағы  Әуе  қорғанысы күштері  әскери  институтының  курсанттарымен  кездесіп,   өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесуге 600 -ден аса курсант келді.

  • Кездесу Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өлшеусіз үлес қосқан халық қаһарманы мен еңбек ерлерін кеңінен насихаттап, олардың елге сіңірген еңбектерін кейінгі ұрпаққа өнеге ету, патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Ел ағалары өздерінің еңбек жолы, қызметі туралы әңгімелеп, тәжірибелерімен бөлісті. Бұндай ауқымды кездесулердің маңызы зор. Өйткені өскелең ұрпақ халық қаһармандарын, еңбер ерлерін біліп өсуі керек. Жастардың бойында   отансүйгіштік, адалдық, қайсарлық секілді қасиеттер қалыптасуы керек. Сол себепті курсанттарға тәлім-тәрбие болсын деген мақсатпен бір топ  ардагерлер  келді. Оның ішінде Павлодар, Астана, Алматы, Шымкент, Орал, Қарағанды қаласынан келген құрметті ағаларымыз, апаларымыз  бар. Бұл ҚР  ӘҚК әскери институты жарты ғасырлық тарихы бар Орта Азиядағы әскери ұшқыштарды, сондай-ақ инженерлік-техникалық мамандарды даярлайтын жалғыз институт.  Әуе қорғаныс институтында жыл сайын жүзге  жуық ұшқыш даярланады. Сол ұшқыштар өзіміздің әскери бөлімдерінде қызмет етеді. 9 мамырда болған әскери парадта түлектеріміз өз өнерлерін көрсетті,-дейді Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арыстанбек Төлеуов.

Талғат Бигелдинов атындағы Әуе  қорғанысы күштері  институтына ҚР  “Халық Қаһарманы”, Қазақстандық әскери қолбасшы, ҚР Қарулы Күштерінің басшысы, генерал-лейтенант, Ауған соғысының ардагері Бақытжан Ертаев келді. Халық қаһарманы  жас сарбаздармен  өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

  • Әрбір адам аспанымыз ашық болсын деп тілейді. Бұның мәні тереңде жатыр. Ақтөбе шаһарына халық қаһармандары мен еңбек ерлері келді. Келу себебіміз бір, яғни Отан алдында ант берген әрбір азаматқа рухани күш, жігер беру. Жас курсанттар отанымызды қорғауға келгенде жан беруге дайын болу керек. Бауыржан Момышұлы “Өз еліңнің құлы болсаң, басқа елдің құлы болмайсың, Отан үшін отқа түссең – жанбайсың, суға түссең – батпайсың” деген. Қандай қанатты сөздер... Тек әскерилер емес, дүниеге келген әрбір ер бала Отан алдында ант қабылдау керек. Бұл әр  ұрпақтың парызы деп білемін. Әуе ұшқыштары курсанттарымен кездесудің маңызы  зор,-дейді халық қаһарманы Бақытжан Ертайұлы

Кездесуден соң құрметті қонақтар оқу орнымен танысып, курсанттармен әңгімелесті.

Қоғам
09:28, 03 июнь 2025
366
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив