Ақтөбеде атасы мен немересі суға батып кетті

 Ақтөбе облысында жол талғамайтын көлікпен жолға шыққан атасы мен немересі бір тәулік бойы іздестірілді. Сүңгуірлер екеуінің денесін судан алып шықты.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Қайғылы оқиға Ақтөбе облысының Хромтау ауданында болған. Атасы мен немересі  Құдықсай ауылынан Бозжыр аумағына қарайауылына қарай жолға шыққан. Содан оралмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына сүңгуір тобы тартылған. Бір күннен кейін Кұдыксай ауылы маңындағы Ор өзенінен автокөлік табылды. “Сүңгуірлер жағалаудан 4 метр қашықтықта,  2,5 метр тереңдіктен баланың денесін, сондай- ақ көлік пен 1957 жылы туған ер адамның денесін алып шықты”,-делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазір мамандар  оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қоғам
15:30, 03 июль 2025
278
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив