Республикалық ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істері комитеті жүзеге асырып жатқан жоба аясында, Солтүстік Қазақстан облысының Дін істері басқармасының қолдауымен 2025 жылғы 16-20 маусым аралығында діни мәселелер бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында семинарлар мен түрлі форматтағы іс-шаралар өткізді.

 Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысты: Мустафина Толганай Вагизовна – PhD докторы, теолог; Нұрахметұлы Арман – «Діндерді зерттеу орталығының» теолог маманы; Смадьяров Бахтияр Серікұлы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» дінтанушы; Омаров Тұрған Гельманұлы - «Ақниет» ҚҚ теолог.

2025 жылғы 16–20 маусым аралығында өткізілген іс-шаралар аясында Петропавл қаласының және Тайынша, Ғ. Мүсірепов, Айыртау, Қызылжар аудандарының тұрғындарымен, колледж студенттерімен, кәсіпкерлермен, NEET санатындағы жастармен, жұмыссыздармен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен, әлеуметтік осал топтармен және басқа да азаматтармен кездесулер өткізілді.

Кездесулер «Жастар арасында медиасауаттылықты арттыру», «Теріс идеологияға қарсы әрекет ретінде сыни ойлауды қалыптастыру», «Деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу» және басқа да тақырыптар аясында өтті.

  ЖК «Назарбекова» басшысы Назарбекова Г.К.

 







Қоғам
15:30, 04 июль 2025
535
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив