Инспектор заңсыз қару сақтаған

 

Ырғыз-Торғай Мемлекеттік табиғи резерватының инспекторы өз үйінде заңсыз қару сақтаған. Бұл жөнінде облыстық прокуратурадан хабарлады.

        Ырғыз аудандық сотында “Заң мен Тәртіп” идеологиясы аясында жария көрме соты өткізілді. Онда Ырғыз-Торғай Мемлекеттік табиғи резерватының инспекторына қатысты қылмыстық іс қаралды. Қорық күзететін қызметкер
ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі(қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша айыпталған еді.
Алайда сотталушының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Сондай-ақ қызметкерлер арасында профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырмағаны үшін Ырғыз-Торғай Мемлекеттік табиғи резерватының басшысына және профилактикалық шараларды тиісті деңгейде жүргізілмегені үшін Ырғыз аудандық полиция бөліміне жекеше қаулылар шығарылды.Айта кетелік, биылдыққа  Ырғыз аудандық сотына 7 қылмыстық іс жолданып, 4 айыптау үкімі шыққан. Сот үкімімен 3 адамға  бас бостандығынан айыру жазасы, ал 1 сотталушыға  бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған: Бұдан бөлек  3 сотталушыға қатысты қылмыстық іс  қайтыс болуына байланысты қысқартылған.

Құқық
10:30, 25 июль 2025
333
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив