Тренд қуғандар жазаланды

 

Тренд  қуғандар жазаланды

Ақтөбеліктер әлеуметтік желіде танымал болған  Aura Farming трендін түсіріп, жаза арқалады. Полицейлер жол ережесін бұзған азаматтарға қомақты айыппұл салды.

Ақтөбе облысында полицейлер жол ережесін бұзған азаматтарды анықтады.
 - Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тренд қуып, түрлі бейнероликтер түсіру белең алып барады. Алайда кейбір азаматтар мұндай контент түсіру барысында заң талаптарын, әсіресе жол қозғалысы ережелерін ескермей, өз өміріне де, өзгенің қауіпсіздігіне де қатер төндіруде.
Осы орайда Ақтөбе облысында полицейлер әлеуметтік желілерде тараған бейнероликтерді зерделеп, ондағы жол қозғалысы ережелерін бұзған тұлғаларды анықтады. Видеодағы азаматтардың әрекеттері құқыққа қайшы болғандықтан, оларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданды,- деп хабарлады  полицияның баспасөз қызметі. Полицейлердің сөзінше, жол қозғалысы ережелерін бұзу – әкімшілік,тіпті  кейде  қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін. Сол себепті тренд үшін заң бұзуға болмайды.  Полиция азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз орындауға, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырады.  Жол ережесін бұзғандарға қомақты айыппұл салынып,  автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Құқық
10:30, 25 июль 2025
340
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив