Ақтөбелік полицейлер қоғамдық орындарда киім кию тәртібін түсіндіруді бастады

 Полицейлер тұлғаны тануға кедергі келтіретін киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салуға қатысты халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Заңына енгізіліп, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Жаңа нормалардың негізгі мақсаты — қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық орындарда жеке тұлғаны тану мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Жергілікті полиция қызметі басқарма басшысының орынбасары Нұрлыбек Суентаевтың айтуынша, тыйым тек бетті толық жабатын киімдерге — балаклава, бетперде, никаб секілді заттарға қатысты. Ал бет ашық болатын діни киімдер — хиджаб, шейла, химар, аль-амира және тағы басқа түрлері — бұл норманың қолданылу аясынан тыс.

 

Сонымен қатар, бет жабатын киімдерді киюге рұқсат етілетін кейбір ерекше жағдайлар да қарастырылған. Олар:

  • қолайсыз ауа райы жағдайлары,
  • медициналық көрсеткіштер,
  • қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау,
  • азаматтық қорғау іс-шараларына қатысу,
  • спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралар.

Нұрлыбек Суентаев бұл талаптардың ешбір азаматтың діни сеніміне қарсы бағытталмағанын және ар-ождан мен діни сенім бостандығына нұқсан келтірмейтінін ерекше атап өтті. Барлық қабылданған шаралар тек қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде іске асырылуда.

Полицейлер тұрғындарды қабылданған заңнама өзгерістеріне түсіністікпен қарап, белгіленген тәртіпті сақтауға шақырады.

  

Құқық
13:30, 14 август 2025
2 439
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив