Талдықорған қаласында семинар өтті

 2025 жылғы 1–2 қазан күндері Талдықорған қаласында қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайтуға, радикалдық идеологияға қарсы іс-қимыл жасауға және ақпараттық-түсіндірме топтарының біліктілігін арттыруға бағытталған екі күндік оқыту іс-шаралары ұйымдастырылады.

Семинарлардың негізгі мақсаты – қазақстандық қоғамда деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, жастардың радикалдану қаупін азайту, сондай-ақ мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласында кәсіби мамандардың әлеуетін дамыту. Талдықорған қаласында қатысушылар диктор Абзельбаев Мұрат Назтайұлы мен Қазақстан Республикасы Экстремизм мен терроризмді зерттеу орталығының басшысы, заң ғылымдарының профессоры Бишманов Қакимжан Мұратжанұлынан дәрістер тыңдайды. Абзельбаев Мұрат Назтайұлы «Көпшілік алдында сөз сөйлеу заңдылықтары» тақырыбында сөйлеу техникасын меңгерудің тиімді тәсілдерін түсіндіріп, дұрыс тыныс алу, жағымды дауыс ырғағы, ашықтық пен анық сөйлеу әдістерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Оратор шеберлігі» тақырыбында ауызекі сөйлеу ерекшеліктеріне және аудиторияға бейімделу машығына арналған тренинг өткізді. Бишманов Қакимжан Мұратжанұлы «Дін саласындағы заңнамалық актілер. Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негіздері» тақырыбында әлемдік аяда терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестің құқықтық негіздеріне тоқталып, түсіндірме жасады. Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасындағы діни конфессиялар» тақырыбында мемлекет саясатының негізгі бағыттары мен қағидаттарын жан-жақты баяндады. Бүгінгі таңда діни экстремизм мен радикализм әлемдегі қауіпсіздікке төнген басты қатерлердің бірі болып отыр. Қазақстан да бұл үдерістен шет қала алмайды. Әсіресе жастар арасында әлеуметтік желілер мен бейресми орта арқылы радикалды идеялардың таралуы алаңдаушылық тудырады. Осындай жағдайда кәсіби сарапшылардың және ақпараттық-түсіндірме топтарының рөлі айрықша маңызды. Аталған семинарлар тек теориялық білім беріп қана қоймай, практикалық мысалдар арқылы діни радикализмнің алдын алу жолдарын көрсетеді. Бұл қоғамда сенімді ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға және халықтың діни сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Қоғам
16:00, 05 ноябрь 2025
0
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив