Қызылордада тренинг өтті

 «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Қызылорда облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.

 

30-31 қазандаҚызылорда қаласының Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ- ның қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға Дін зерттеу орталығының, мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – Қызылорда облысы дін істері басқармасының бас маманы, өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Романқұлова Гүлсім Айтмаханқызы және риторика маманы Аманбек Толқын семинар оқыды.

Романқұлова Гүлсім Айтмаханқызы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру топтарымен жүргізілетін жұмыстар, тиімді тәсілдері мен жолдары» және «Шешендік өнер және тиімді сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыптарында семинар-тренинг өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар қоғамда радикалды идеологиялардың алдын алуда ақпараттық-түсіндіру топтарының рөлі мен жұмыс әдістемелерін талқылады. Сонымен қатар, шешендік өнердің негіздері, сенімді сөйлеу, аудиториямен байланыс орнату және ақпаратты әсерлі жеткізу тәсілдері қарастырылды. Семинардың мақсаты – мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, қоғамда рухани қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосу болды.

Аманбек Толқын «Тиімді коммуникация. Қақтығыстарды басқару. Эмоциялық интеллект» тақырыбы аясында қатысушыларға тиімді қарым-қатынас орнату және конфликттермен жұмыс істеу үшін пайдалы құралдарды ұсынды. Сондай-ақ, дәріс тақырыбына сәйкес практикалық жағдайлар мен өмірлік мысалдар арқылы нәтижеге қандай факторлардың әсер ететінін көрсетуге көмектесті

Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды

  

Әлеумет
16:19, 05 ноябрь 2025
2
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив