Жамбыл облысында тренинг өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Жамбыл облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.
4-5 қарашада Тараз қаласының Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ- ның қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға Дін зерттеу орталығының, мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы және Заң ғылымдарының профессоры. ҚР терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының ҚҚ басшысы Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы семинар оқыды.
Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық-түсіндіру топтарының аудиторияға жеткізу әдісі» тақырыбындағы семинар-тренинг барысында қатысушыларға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен оның қоғамдағы маңыздылығы түсіндірілді. Семинар аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының халықпен жұмыс жүргізу кезіндегі тиімді әдіс-тәсілдері, аудиторияның ерекшелігіне қарай ақпаратты бейімдеу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, тренингте нақты мысалдар арқылы діни тақырыптағы ақпаратты дұрыс жеткізу, түсіндірудің заманауи коммуникациялық құралдарын пайдалану және сенімге негізделген диалог орнату тәсілдері қарастырылды. Іс-шараның нәтижесінде қатысушылар қоғамдағы рухани тұрақтылық пен келісімді нығайтуға бағытталған практикалық дағдыларды меңгерді.
Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы «Дін саласындағы заңнамалық актілер. Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негіздері» және «Қазақстан Республикасындағы діни конфессиялар» тақырыптарында семинар өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар дін саласын реттейтін негізгі заңдармен, мемлекеттік саясаттың басты қағидаттарымен және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі құқықтық тетіктермен танысты. Сонымен қатар, еліміздегі діни конфессиялардың қызметі, олардың өзара қарым-қатынасы мен конфессияаралық келісімнің маңызы талқыланды. Семинардың мақсаты – қатысушылардың құқықтық және діни сауаттылығын арттырып, қоғамдық бірлік пен бейбітшілікті сақтау мәдениетін нығайту болды.Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды


