Ақтөбеде обырдан 23 әйел көз жұмған

 Ақтөбеде былтыр жатыр мойны обырынан 23 әйел көз жұмған. Бір жылдың ішінде 137 әйел қатерлі дертке шалдыққан.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@qmail.com

Ақтөбедегі М.Оспанов атындағы БҚМУ Медициналық орталығында 31 қаңтар күні жатыр мойны обырының алдын-алуға арналған ашық есік күні өтеді. Тексеруден өту үшін жасқа шектеу қойылмайды. Келушілер онколог-гинекологтың кеңесін алады. Көрсетілмдер бойынша ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі. Медицина орталығының амбулаторлы-онкологиялық қызметінің онколог-гинеколог дәрігері Әсел Жаңабаеваның айтуынша, жатыр мойны обыры-жатыр мойны жасушаларының трансформациясы нәтижесінде пайда болатын қатерлі ауру. Бұл дертке негізінен ағзадағы папиллома вирусы себепкер.  

  • Қатерлі ісік ерте сатысында көрінбеуі мүмкін. Егер қан кету, ауырсыну белгілері болса, дереу дәрігерге қаралған жөн. Ауру ерте кезеңде анықталса, айығу мүмкіндігі де жоғары,-дейді онколог-гинеколог.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда онкологиялық аурулардың ішінде жатыр мойны обыры екінші орында.  Ақтөбе облысында бұл дертпен 1035 әйел диспансерлік  есепте тұр. Былтырдың өзінде 137 әйелге жатыр мойны қатерлі ісігі диагнозы қойылған.

Әлеумет
15:30, 26 январь 2026
1 017
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив