Ақтөбелік емшіге 1,5 млн теңге айыппұл салынды

 

Ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесова “Жала жабу” бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен оған 1,5 млн теңге айыппұл салынды.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТ

kerekinfoaktobe@gmail.com

Іс Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Іс құжаттарына қарағанда, емшінің үстінен Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан шағымданған. Олар Бағдагүл Лепесованың әлеуметтік желіде ар-намыстары  мен қадір-қасиеттеріне, іскерлік беделдеріне  нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқанын айтқан. Іске қатысты бейнежазба ұсынылып, сот психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша жала жабу дерегі расталды. Сотта Бағдагүл Лепесова өзіне тағылған айыппен келіскен жоқ. Құқық бұзушы Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанды танымайтынын, жала жаппағандығын айтты. Ол сотта бейнежазбаның әлеуметтік желідегі парақшасында жоқтығын айтып, оны жасанды интелект арқылы жасауы мүмкін деген уәж келтірді. Ал Баян Алагөзова сотқа онлайн қатысты. Ол бейнежазба өзінің ар-ожданына тигенін, кешірім бермейтінін, медиациялық келісімге келмейтінін айтты.Сот қаулысымен Бағдагүл Лепесова жала жапқаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 млн  557 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Айта кетелік, Бағдагүл Лепесоваға қатысты  Қылмыстық кодексінің 131-бабы “Қорлау” бабы бойынша тағы бір іс қаралып жатыр. 

Қоғам
09:43, 21 август 2026
124
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив