370 келіге жуық есірткі тәркіленді

Ақтөбеде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 370 келіге жуық есірткі тәркіленді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров мәлімдеді.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekibfoaktobe@gmail.com

   Ақтөбеде  республика бойынша «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр.Соңғы екі айдың ішінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 87 қылмыс тіркеліп, 346 келіден астам  грамм есірткі тәркіленген.

    Полиция ұйымдасқан қылмыстық топтың есірткі саудасына қатысы барын анықтады. Тоғыз адамнан тұратын топ Алматыдан Ақтөбеге құрамында есірткі бар дәрілік препараттарды жеткізіп, оларды Telegram арқылы сатқан. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды,-деді Серік Шалхаров.

    Интернеттегі заңсыз есірткі айналымына қарсы жұмыс барысында 923 сайт анықталып, олардың сілтемелері «Кибернадзор» жүйесіне енгізілген. Ал «Антифрод» жүйесі арқылы 650 банк картасы анықталып, бұғаттауға жіберілді. Бұғатталған қаражаттың жалпы сомасы 5 млн 598 мың теңгені құрады. Серік Шалхаровтың айтуынша, есірткі қылмысының  алдын алу жұмыстары да тұрақты жүргізіледі. Маусым айында өңірде 1 мыңнан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, оған шамамен 100 мың адам қатысты. Жыл басынан бері тәркіленген есірткінің басым  бөлігін, яғни 365 келісін марихуана құрайды. Бұдан бөлек гашиш, опий және синтетикалық есірткі заттары тәркіленген.

 

 

Қоғам
09:49, 21 август 2026
143
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив