Қауіпті маневр жасаған жүргізушілер жазаланды

 Ақтөбеде қауіпті маневр жасаған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында «Өнер орталығы» алдындағы алаңда BMW автокөлігінің жүргізушісі дрифт жасап жүрген бейнежазба анықталды.Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, оған қатысты 4 әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар аталған көлік құралына қатысты жылдамдықты асыру бойынша 9 төленбеген айыппұл бары анықталды.Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Бұдан бөлек үйлену тойының кортежі кезінде жол ережесін бұзған Chery Tiggo жүргізушісін анықтады. Ол қауіпті маневр жасаған. Ал көліктегі жолаушылар қозғалыс кезінде терезеден дене мүшелерін сыртқа шығарған. Жүргізушіге қатысты 3 әкімшілік хаттама, ал жолаушыларға қатысты 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Департамент полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтауды одан әрі жалғастырады.

Қоғам
10:02, 21 август 2026
163
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив