TikTok-та боғауыз сөз айтқан әйел жазаланды

Ақтөбелік тұрғын  TikTok-та  тікелей эфирде балағат сөздер айтқаны үшін  жауапкершілікке тартылды. Ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТ

kerekinfoaktobe@gmail.com

    Ақтөбеде полиция қызметкерлері интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирді анықтады. Эфир барысында әйел адам балағат сөздер айтып, қорлайтын ым-ишаралар көрсеткен. Құқық бұзушының Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны Береке Нагиева екені анықталды.Сот шешімімен әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сотта келіншек кінәсін мойындаған жоқ. Сол күні  “TikTok” әлеуметтік желісінде  тікелей  эфирде  10  шақты адам көрермен ретінде отырған. Алайда келіншек  былапыт сөздерді оларға айтпағанын, тек әлеуметтік желіде жазылған сөздерді оқығандығын айтып, ақталды.

    -Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын қоғамдық әдеп пен қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, азаматтарды қорлайтын және арандатушылық сипаттағы пікірлер айтудан аулақ болуға шақырады. Өз пікірін еркін білдіру өзге азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуі тиіс.Полиция әлеуметтік желілердің қоғамдық кеңістік болып саналатынын еске салады. Жарияланған контент пайдаланушыларды құқыққа қайшы әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершіліктен босатпайды. Балағат сөздер, қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін,-деп хабарлады  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық
10:06, 21 август 2026
267
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив