Қазақстанда бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығының пилоттық жобасы іске қосылды

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығының (бұдан әрі — Орталық) пилоттық жобасын іске қосады.

Орталықтың мақсаты — дағдарыстық жағдайға тап болған шағын және орта бизнес субъектілеріне проблемаларын диагностикалау, өтініштерді тиісті бағыт бойынша жолдау, мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкердің мәселесі реттелгенге дейін сүйемелдеу арқылы қолдау көрсету.

Орталық қызметі мәселесін шешу үшін бірден бірнеше ведомствоның қатысуын қажет ететін кәсіпкерлерге бағытталған. Олардың қатарында салық берешегін реттеу, банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізу, өнімді өткізу мәселелері, сондай-ақ бірнеше мемлекеттік орган мен ұйым арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруді талап ететін өзге де мәселелер бар.

Орталықтың жұмыс істеу тетігі «бір терезе» қағидатына негізделген: кәсіпкер «Даму» қорының аймақтық филиалының алаңына бір рет жеке өзі жүгінеді. Орталық мамандары туындаған мәселені диагностикалап, оны реттеудің одан әрі бағытын айқындайды, қажетті мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимылды үйлестіреді және мәселе реттелгенге дейін кәсіпкерге сүйемелдеу көрсетеді.

Мәселенің сипатына қарай оны қарауға тиісті мамандар мен ұйымдар тартылады. Бұл кәсіпкерді әрбір мемлекеттік органға жеке-жеке өз бетінше жүгіну қажеттілігінен арылтады.

Пилоттық өңірлердегі Орталық алаңдарында мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық департаменттерінің мамандары және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері жұмыс істейді.

Жобаны іске асыруға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Әділет министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, пилоттық өңірлердің әкімдіктері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдары қатысады.

Пилоттық жоба 2026 жылғы қыркүйек–желтоқсан айларында іске асырылады, одан кейін оның нәтижелеріне бағалау жүргізіледі. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша тетікті еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Орталыққа пилоттық өңірлердегі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалдарына жеке өзі жүгіну арқылы өтініш беруге болады.

БАҚ өкілдеріне арналған байланыс ақпараты:

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі

Қоғам
16:03, 31 август 2026
648
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив