Жаппай улану: Қылмыстық іс тоқтатылды
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы мейрамханалардың бірінде жүзден аса адам астан уланған еді. Осы іс бойынша қылмыстық іс тоқтатылды.
Назгүл ӘБЕТОВА
kerekinfoaktobe@gmail.com
ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық істі жүргізу кезінде мейрамхана басшылығы мен жеке кәсіпкер өздеріне тағылған айыпты толық мойындады. Оларға рақымшылық қолданылып, қылмыстық іс тоқтатылған.
Еске сала кетейік, оқиға жазда Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында болған еді. Мейрамханаға барған жүзден аса адам ішек инфекциясымен аудандық ауруханаға жатқызылған. Барлығы 188 адам зардап шеккен. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 15 бала бар. Осы жағдайдан кейін мейрамхана қызметі уақытша тоқтатылды. Зерттеу барысында тағамнан және қызметкерлерден ішек таяқшасы табылған. Полиция санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК 304-бабымен қылмыстық іс қозғады.


