Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: 12 сараптама тағайындалды

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жалғасуда, - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы. 
Оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған. Құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленіп, 12 сараптама тағайындалған. 
“Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды”,- делінген ҚР Бас прокуратура сайтында. 
Тергеу барлық күдіктілердің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды.

Қоғам
12:40, 25 сентябрь 2026
210
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив