Ақтөбеде облысында сүт безі обырынан 24 әйел қайтыс болды

Биыл өңірде сүт безі обырына шалдыққан 205 әйел тіркеуге алынған. Қазір осы диагнозбен 2 347 әйел диспансерлік есепте тұр. Жыл басынан бері 24 науқас қайтыс болған. Мамандар ауруды ерте анықтау үшін тексеруден уақытылы өтудің маңызын ескертеді.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfaoktobe@gmail.com

Сүт безі обыры-әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісік түрлерінің бірі. Өкінішке қарай, жыл басынан бері 24 науқас қайтыс болған. Сүт безі обыры бастапқы кезеңде еш белгісіз өтуі мүмкін. Кейде әйелдер кеудесінде ауырсыну болмағандықтан, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырады. Алайда қатерлі ісік ауырсынусыз да дамуы ықтимал.

Ауруды қалай анықтауға болады? Онколог-маммолог Зибагүл Сайранқызының айтуынша, кеудеде түйіннің пайда болуы, сүт безінің пішіні мен көлемінің өзгеруі, емізіктен бөлінді шығуы немесе терінің өзгеруі назардан тыс қалмауы керек. Мұндай белгілер байқалса, дәрігерге қаралған жөн. Бұл өзгерістердің барлығы қатерлі ісікті білдірмейді. Дегенмен оның себебін анықтау маңызды.

Кімдер қауіп тобында? Сүт безі обырының даму қаупі жас ұлғайған сайын артады. Сонымен қатар жақын туыстарында осы ауру болған әйелдерге ерекше назар аудару қажет.Артық салмақ, аз қимылдау және алкоголь тұтыну да қауіп факторларына жатады. Дегенмен қауіп тобында болмаса да, кез келген әйел бұл ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан денсаулыққа мұқият қарау маңызды.

Тексеруден уақытылы өту маңызды. Сүт безі обырын ерте анықтаудың негізгі әдістерінің бірі – маммография. Тексеру әйелдің жасына және медициналық көрсеткіштеріне қарай жүргізіледі. Қажет болған жағдайда дәрігер ультрадыбыстық зерттеу мен биопсия тағайындайды.Аурудың сатысы мен ісіктің ерекшеліктеріне қарай операция, химиотерапия, сәулелік, гормондық немесе таргеттік терапия қолданылады.

Онколог-маммолог Зибагүл Бағжан әйелдерді денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Мамандардың айтуынша, күмәнді белгілерді елемей, өздігінен емделуге болмайды. Дәрігерге уақытылы қаралу ауруды ерте анықтауға және емді дер кезінде бастауға мүмкіндік береді.

 

 

Денсаулық
15:22, 15 октябрь 2026
52
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив