"Төсекте темекі шегу және телефонды қараусыз қуаттау — өрт қаупі!"

Тұрғын үйлердегі өрттің негізгі себептерінің бірі — отпен абайсыз әрекет ету және электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбау. Әсіресе төсекте темекі шегу адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Темекінің шоғы төсек-орынға, көрпе-жастыққа түссе, бықсып жану басталып, өртке ұласуы мүмкін. Ұйықтап қалған адам түтінді дер кезінде байқамай, улы газдан улану қаупіне ұшырайды. Сондықтан төсекте темекі шегуге және тұтанған темекіні қараусыз қалдыруға болмайды.

Ұялы телефонды қуаттау кезінде де сақ болыңыз!

Телефонды ақаулы қуаттағышпен немесе зақымдалған кабельмен зарядтау қысқа тұйықталуға және құрылғының қызып кетуіне әкелуі мүмкін. Телефонды төсек, жастық немесе көрпе үстінде қуаттау да қауіпті, себебі жылудың таралуы қиындайды.

Өрттің алдын алу үшін:

- Төсекте темекі шекпеңіз.

- Телефонды ұйықтар алдында қуаттағыштан ажыратыңыз.

- Құрылғыны қатты, тегіс әрі жанбайтын бетте қуаттаңыз.

- Зақымдалған қуаттағыштар мен кабельдерді пайдаланбаңыз.

- Телефонды көрпе-жастықтың астында қуаттамаңыз.

Құрметті тұрғындар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау — әр азаматтың міндеті. Қарапайым сақтық шаралары өз өміріңізді, отбасыңызды және көршілеріңізді өрт қаупінен қорғауға көмектеседі. Өрт немесе түтін байқалған жағдайда қауіпсіз жерге шығып, 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

Керек ақпарат
14:52, 27 октябрь 2026
83
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив