Өртсөндіргіш — өрт кезіндегі алғашқы көмек құралы
Өртсөндіргіш — өрттің бастапқы кезеңінде жалынды сөндіруге және оның таралуын болдырмауға арналған негізгі құралдардың бірі. Оны тұрғын үйлерде, автокөліктерде, мекемелер мен кәсіпорындарда ұстау өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Өртсөндіргішті қалай дұрыс қолдану керек?
- Өртсөндіргішті алып, сақтандырғыш чегін суырыңыз.
- Шлангіні немесе саптаманы жалынның түбіне бағыттаңыз.
- Тұтқасын басып, өрт сөндіргіш затты жалынның түбіне шашыңыз.
- Жалын толық сөнгенше ағынды бір жақтан екінші жаққа бағыттаңыз.
Қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?
- Өртті тек бастапқы кезеңінде және өз өміріңізге қауіп төнбеген жағдайда сөндіруге әрекет жасаңыз.
- Түтін көп болса немесе жалын тез таралса, дереу қауіпсіз жерге шығыңыз.
- Электр құрылғыларын сөндіргенде өртсөндіргіштің сол мақсатқа жарамды екеніне көз жеткізіңіз.
- Өртсөндіргішті қолжетімді жерде сақтап, оның жарамдылық мерзімі мен техникалық жағдайын тексеріп отырыңыз.
Есіңізде болсын! Өртсөндіргішті дұрыс пайдалану өрттің таралуын тоқтатып, адам өмірі мен мүлікті сақтап қалуға көмектеседі. Өрт кезінде қауіпсіздікті бірінші орынға қойып, 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Дина Досжанова
Ақтөбе қаласының ТЖБ бас маманы


