«Әділет» партиясы құрылыс саласы мен отандық өндірісті дамытуға басымдық береді

   «Әділет» партиясынан Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Қазыбек Әлішев «Стройдеталь» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда кандидаттар партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті, отандық өндірісті қолдау мәселелеріне баса назар аударды. Қазыбек Әлішев өңірлік бағдарламада тұрғын үй құрылысы және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту міндеттері белгіленгенін атап өтті.

 - Өңірлік сайлауалды бағдарламада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріліп отыр. 2031 жылға дейін облыста 6,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салу, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1,1 мыңнан астам жалдамалы тұрғын үй сатып алу көзделген. Сонымен бірге жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 93 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің ішкі көшелерін салу, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жоспарлар «Стройдеталь» кәсіпорны үшін де маңызды. Себебі тұрғын үй құрылысының қарқыны мен жол инфрақұрылымын жаңарту құрылыс материалдарына деген сұранысты арттырып, кәсіпорын өнімінің өңір экономикасындағы маңызын күшейтеді,  — деді Қазыбек Әлішев. «Стройдеталь» кәсіпорнының басшысы Анатолий Симонов бағдарламадағы тұрғын үй, жол салу міндеттері кәсіпорын үшін өте маңызды екенін атап өтті. Себебі бұл отандық құрылыс материалдарына сұранысты арттырады, кәсіпорынның өндірістік қуатын толық пайдалануға және жұмыс орындарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

— Кәсіпорын 1998 жылы «ЖБИ-70» мекемесінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылды. Бүгінде зауытта 500-ге жуық адам еңбек етеді. Өндірістің негізгі бағыты – автомобиль жолдарының құрылысына қажетті өнімдер шығару. Жалпы кәсіпорынның жұмысы құрылыс саласына салынатын инвестицияға тікелей байланысты. Құрылыс индустриясы экономиканың даму деңгейін көрсететін өзіндік индикатор іспетті. Инвестиция бар жерде өндіріс те жанданады, — дейді Анатолий Симонов. Қазыбек Әлішев еңбек ұжымының кәсіпкерлікті қолдау, отандық құрылыс өнімдерінің үлесін арттыру мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап беріп, 29-қарашада Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды.

 Тапсырыс беруші: Алишев К.К.

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қоғам
16:20, 20 ноябрь 2026
98
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив