Ақтөбеде қышыма жұқтырғандар көбейді

 

Ақтөбеде қышыма жұқтырғандар саны былтырғымен салыстырғанда күрт артқан. Биыл 10 айдың ішінде 168 адамнан ауру анықталды. Оның 90-ы – бала.

 Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

   Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Жанна Туғанованың айтуынша, былтыр осы уақытта қышыманың 38 жағдайы тіркелген. Биыл көрсеткіш 130 жағдайға көбейіп, төрт есеге  өскен. Ауру жұқтырғандардың   64-і  14 жасқа дейінгі бала болса,  26-сы – 15-17 жастағы жасөспірім. Бұл қышыманың балалар мен жасөспірімдер арасында да кең таралып отырғанын көрсетеді. Қышыма –жұқпалы тері ауруы. Ол науқас адаммен тығыз қарым-қатынас кезінде жұғады. Аурудың негізгі белгілері – терінің қатты қышуы мен бөртуі.  Қышу көбіне түнде күшейеді. Мамандар науқаспен байланыста болған адамдарды тексеріп, қажет болған жағдайда профилактикалық ем жүргізу керектігін айтады. Сондай-ақ киім-кешек пен төсек жабдықтарын өңдеу, жеке заттарды ортақ пайдаланбау, үй-жайды тазалап, дезинфекциялау маңызды.

      Қышыма белгілері байқалған жағдайда өздігінен ем қабылдауға болмайды. Дәрігерге қаралып, тағайындалған емді толық аяқтау қажет. Өйткені аурудың сыртқы белгілері басылғанымен, паразиттер сақталып, қайта қозу қаупі бар. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрғындарды жеке гигиена талаптарын сақтауға және қышыма белгілері байқалған жағдайда дәрігерге қаралуға шақырады.

 

 

Денсаулық
16:20, 26 ноябрь 2026
0
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив