Ақтөбеде 13 909 жұмыс орыны ашылған

      Өңірдегі халықтың  әл-ауқатын көтеру және жұмыссыздықты азайту бағытында кәсіпкерлікті дамтудың ұлттық жобалары оң нәтижесін беріп жатқанын атап өткен Әнуар Қонжар:

-Биыл 9 ұлттық жобаның шеңберінде 333 жоба арқылы 9 222 жұмыс орындарын құру жоспарда бар. Бүгінде оның 162 жобасы жасалып, 3 604 жұмыс орынына 763 адам орналастырылды,-деді.

Сонымен қатар, облыста  «Кәсіпкерлікті дамтудың ұлттық жобасы» аясында барлығы 53 000 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушыны жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған. Шілде айцна дейін ол жоспардың 47 пайызы жүзеге асырылыпты. Атап айтқанда, 637 адам  қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға, 850 адам электрондық  еңбек  биржасы порталы арқылы еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша оқуға, 15 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болған.

Жыл басынан бері 15 212 адам тұрақты бос жұмыс орындарына жіберілген. Оның 1352-сі әлеуметтік жұмыс орындарына, 349-ы жастар тәжірибесіне, 6 228-і  қоғамдық жұмыстарға,  36-сы алғашқы  жұмыс  орындарына,  32-сі ұрпақтар келсім шарты жобасы бойынша, 74-і күміс жас жобасы бойынша жұмысқа орналастырылған.

Баяндамада айтлғандай қазіргі таңда облыстағы жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайзды құрайды. Ал жастар жұмыссыздығының деңгейі 2,4 пайызға жеткен.

 

Әлеумет
11:30, 21 июль 2022
1 010
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив