Жүргізушіден тапанша табылды
Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері 30 жастағы тұлғаның басқаруындағы "Mitsubishi Galant" автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жолаушылар орындығынан "Стражник-18*45т" травматикалық тапаншасы және 2 дана патрон табылған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркеліп сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Күдікті екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiн айыппұл төлеуі немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектелуі яки сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Құқық
Комментарии (0)
Добавить