Кәсіпкер Ресейдің кеден комитетін сотқа бермекші

    Ақтөбелік кәсіпкер жүк көлігін заңсыз тексерген Ресейдің кеден комитетін сотқа бермекші. Польшадан Ақтөбеге тасымалданатын жеміс шекарада алты тәулік тұрған. Салдарынан 7 тонна алма үсіп кетіп, ақтөбелік кәсіпкер 1 миллон теңге шығынға ұшырады.

    Оқиға биыл ақпан айының 9-ы күні болған. Польшадан шығып, Қазақстанды бетке алған жүк көлігі Ресейдің Соль-Илецк бекетінде 15 ақпанға дейін тұрып қалған. Жүргізушілер мен экспедиторлардан осы жағдайды естіген Ақтөбедегі “Fresh Market KZ” ЖШС директоры Ринат Жүнісов дереу Ресей Федерациясына хабарласады. Олар “тауарды емес, көліктерді тексеріп жатырмыз” деп жауап береді.Кәсіпкер екі күннен соң Ақтөбе облыстық прокуратурасына барып шағым түсірді. Ал, прокурорлар екі аптадан соң барып, “Ресей шекарасында болып жатқан әрекетке біз жауап бере алмаймыз” деп жауап береді.

    Кәсіпкердің айтуынша, тексеру талапқа сай жүргізілмеген.Ашық алаңқайға алма толы жәшіктер қолмен түсірілген.Ринат Жүнісовтің мұны айғақтайтын суреттері де бар.

    Ринат ЖҮНІСОВ, “Fresh Market KZ” ЖШС директоры:
    - Кез келген техника Ресей шекарасына кірген кезде міндетті түрде рентгеннен өтеді. Егер оның ішінде күдікті немесе қосымша заттар болса, көрінер еді. Ондай жағдай болса, мәселе сол арада шешілуі тиіс болатын. Қазақстан аумағына енгелі тұрған машиналарды қандай негізге сүйеніп ұзақ уақыт бойы ұстағандарын түсіне алар емеспіз. Жауап беруі тиіс құзырлы орындарға арыз түсіріп қойдым. Енді жауабын күтіп отырмын.
    Белоруссия мен Ресей кедендік одаққа мүше.Бұрын Белоруссия арқылы біздің жүк тасымалдайтын көліктер транзитпен кіретін еді. Енді Белоруссия арқылы Қазақстанның тауарларын кіргізбейді. Украина арқылы тікелей Ресейге, болмаса Латвия арқылы кіруге тура келеді.
    Еуразиялық экономикалық одақтың шешіміне сәйкес мұндай тексеруге кеден заңнамасы бұзылған кезде ғана рұқсат етіледі. Кеденшілер жүкті -12 градус температурада аязды күні тексерген -дейді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының эксперті Ринат Күйшінов.

    Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сұраныс жіберген. Осыған орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Үкіметінен көмек сұраған. Бұл жағдай бір айдың ішінде 3 рет қайталанып тұр - дейді Ринат Жүнісов. Ақпан айының басында Ресейдің Самара қаласында 1 жүк көлігі, Орынбор қаласында тағы біреуі, Соль-Илецк шекарасында 3 көлік кідіріп қалды.
    Осы жылдың қаңтар айында ғана Польшадан Қазақстанға транзит арқылы алма тасымалдайтын автокөліктер түгелдей кедендік тексеруден өткен.

    1 келі алманың Ақтөбеге келетін орташа бағасы 130 теңге. 40 тонна алманың 7 тоннасы жарамсыз болып үсіп кетті.Кәсіпкер жарамсыз жемістерді лақтыруға мәжбүр болған. Енді тауар шығынын кімнен сұрарын білмей отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дәрі-дәрмек қымбаттамайды
  • Ырғызда “Бес тастан” жарыс өтті
  • Мейрамхана бизнесіне арналған семинар өтті
  • Ресейлік қылқалам шеберінің көрмесі өтеді
  • Қарттар үйіндегілер бір-бірімен соттаса бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге