Ақтөбелік нағашы жиенінің телефонын ұрлаған
Ақтөбеде 16 жастағы жиенінің ұялы телефонын ұрлап, ломбардқа тапсырып жіберген жігіт ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Назгүл ӘБЕТОВА
Полицияға жасөспірімнің анасы хабарласқан. Айтуынша, ұлының “IPhone-11” маркалі смартфонын туысы алаяқтық жолмен иемденіп алған. Нағашысы ұялы телефонды 120 мың теңгеге ломбардқа тапсырып, жиеніне 1 сағат ішінде қайтып алып беретінін айтқан. Тәртіп сақшылары 23 жастағы жігітті ұстаған. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить