«Әділет» партиясының кандидаты энергетика саласының мамандарымен кездесті

«Әділет» партиясынан Ақтөбе облыстық  мәслихаттары депутаттығына кандидат Қазыбек Әлішев «Энергосистема» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда серіктестік ұжымына партияның сайлауалды өңірлікбағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.

Қазыбек Әлішев энергетика саласы мамандарының ел экономикасы мен халықтың күнделікті тұрмысындағы маңызына тоқталып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде энергетика саласын дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге ол Президенттің халыққа Жолдауында алдағы жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау бастамасы туралы айтты.

— Бұл бастама аясында Президенттің тапсырмасымен 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан елдің әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға шамамен 6,5 триллион теңге бөлініп, мектептер, ауруханалар, инфрақұрылым нысандары мен электр желілері салынбақ. Партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасында да өңірде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салу көзделіп отыр. Мәселен, 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй, 24 мектеп және 12 денсаулық сақтау нысанын, 8 спорт объектісін салу, жол инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық көлік паркін жаңарту жоспарланған. Цифрландыру бағытында облыстың 12 аудан орталығында 5G ұялы байланыс желісін дамыту қаралған, — деді Қазыбек Әлішев.Сонымен бірге жиында өңірлік сайлауалды бағдарламадағы «Заң мен тәртіп» және «Қуатты өңірлер» бағыттары аясында белгіленген міндеттер де талқыланды. Атап айтқанда, елді мекендерде қауіпсіз орта қалыптастыру, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жол және көлік инфрақұрылымын дамыту, халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне назар аударылды.

Қазыбек Әлішев бағдарламадағы энергетикалық инфрақұрылымды және газбен жабдықтауды дамыту бағыттарына да ерекше тоқталды. Осыған орай ол энергетикалық тәуелсіздікті нығайтудың маңызын атап өтті. —  Ақтөбе облысы бүгіннің өзінде жасыл энергетика объектілері бойынша көшбасшы болып отыр және энергетикалық тәуелсіздігін нығайта түсуі тиіс. Бағдарламада өңдеу өнеркәсібі жобаларының қатарында қуаты 100 МВт жел электр станциясының құрылысын қолдау, облыс халқының газбен жабдықталу деңгейін 97,5 пайыздан 99,3 пайызға дейін жеткізу қарастырылған, — деді ол.«Энергосистема» ЖШС Ақтөбе қаласы мен облыстың 14 ауданындағы тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бүгінде мұнда 2 мыңнан астам адам еңбек етеді. Кәсіпорынның электр желілерінің жалпы ұзындығы 14 292 шақырымнан асады, ал трансформаторлардың жалпы қуаты — 1 730 МВА. Серіктестік қызметкерлері өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту, электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету және саланың әлеуетін арттыру мәселелері бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Тапсырыс беруші: Алишев К.К.

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Керек ақпарат
16:03, 16 ноябрь 2026
35
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив