Денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері талқыланды

«Әділет» партиясынан Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Күлпаршын Айдарханова мен Марина Деркач «Дару» оңалту медициналық орталығының еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда кандидаттар «Әділет» партиясының Ақтөбе облысы бойынша 2026-2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жоспарларға тоқталды.

Күлпаршын Айдарханова құжатта медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілгенін атап өтті.

— Денсаулық сақтау саласының дамуы халықтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтып, заманауи талаптарға сай нысандар салу маңызды. Бағдарлама аясында өңірде 12 денсаулық сақтау нысанын салу көзделген. Олардың қатарында жылына 25 мың шақыруға арналған жедел және шұғыл медициналық жәрдем қосалқы станциясы, облыстық қан орталығы, 200 орындық көпбейінді қалалық балалар ауруханасы және жұқпалы аурулар блогы бар 200 орындық көпбейінді облыстық аурухана бар. Сонымен қатар 13 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 250-ден астам медициналық жабдық сатып алу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар медициналық қызметтің сапасын арттырып, тұрғындардың қажетті көмекті уақытылы алуына мүмкіндік береді, – деді Күлпаршын Айдарханова.

Басқосуда медицина кадрларының тапшылығын азайту, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселелері де айтылды. Марина Деркач бағдарламада Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 100-ден астам түлегін дәрігер тапшы ауылдарға жіберіп, жұмысқа орналастыру, сондай-ақ 37 дәрігердің шетелдік медициналық ұйымдарда біліктілігін арттыру көзделгенін атап өтті. — Бұл шаралар ауылдық жерлердегі медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, медициналық қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Бұдан бөлек, ана мен бала денсаулығын қорғау, аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтау мәселелеріне басымдық беріледі. Үш жасқа дейінгі балалардың кемінде 95 пайызын ерте диагностика, профилактикалық іс-шаралар және вакцинациямен қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ қатерлі ісіктерді бастапқы кезеңде анықтау үшін кемінде 1 миллион адамды скринингтен өткізу міндеті қойылған. Мұның бәрі ауруды асқындырмай анықтап, дер кезінде ем қабылдауға жағдай жасауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Марина Деркач.

Кездесу барысында кандидаттар орталықтың қызметімен танысты. «Дару» – ересектер мен балалардың түрлі ауруларын диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту қызметтерін көрсететін заманауи көпбейінді клиника. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға қызмет көрсету кезінде 10 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Кездесу соңында кандидаттар еңбек ұжымымен пікір алмасып, медицина қызметкерлерінің ұсыныстары мен саладағы өзекті мәселелеріне назар аударды. Олар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған жоспарларды жүзеге асыруда әр азаматтың белсенді ұстанымы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар еңбек ұжымын ел өміріндегі оқиғаларға бейжай қарамай, 29-қараша күні сайлау  учаскесіне барып, Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды. Кандидаттар халықтың қолдауы мен ортақ іске атсалысуы өңірдің алдағы бес жылдағы даму бағытын айқындауда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

 

Тапсырыс беруші: Алишев К.К.

Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Керек ақпарат
16:57, 19 ноябрь 2026
34
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив