Тәуелсіздік жолы — жетістіктер шежіресі

 Ақтөбеде «Тәуелсіздік жолы — жетістіктер шежіресі» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Додаға іріктеуден өткен 32 фракция қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Командалар қоғамдық-саяси мәселелерді талқылап, шешендік өнері мен сыни ойлау қабілеттерін сынға салды. Тартысты өткен бәсекеде жастар елдегі заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік төңірегінде өз көзқарастарын ортаға салды.

Жарыс қорытындысы бойынша I орын «Эльклассика» фракциясына бұйырды. «Тұран үшін» фракциясы II орынды иеленді. Ал «Өзгеріс» фракциясы III орынға табан тіреді. Сондай-ақ турнир аясында өткен жастар финалында «Қарулы күштер» фракциясы чемпион атанса, «Элегент», «Айқап» және «Эклипс» командалары финалист ретінде танылды. Жекелей көрсеткіштер бойынша Алия Ратбаева «Үздік спикер», ал Гүлнұр Аманкелдиева «Үздік төреші» номинацияларын иеленді. Жеңімпаздар мен үздіктерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйақылар табысталды.

Айта кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Халықаралық студенттер күніне орай өткен бұл шараны қалалық жастар ресурстық орталығы мен Ақтөбе пікірталас орталығы ұйымдастырды. Мақсат — жастар арасында пікірсайыс мәдениетін дамыту, олардың отансүйгіштік рухы мен белсенді азаматтық ұстанымын нығайту.

Қоғам
15:08, 25 ноябрь 2026
0
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив